Жалпымектептік ата-аналар жиналысы өтті КГУ «Талқара ауылының негізгі орта мектебінде» «Мектеп, отбасы және бала: білім алу, тәрбие және қауіпсіздік үшін қолайлы жағдайды бірге қалыптастырамыз» тақырыбында жалпымектептік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында жаңа оқу жылының ерекшеліктері, «Мектеп – Отбасы – Бала» ынтымақтастығы, «Заң және тәртіп» қағидаттары, оқушылардың негізгі міндеттері мен ережелері, қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру және ата-аналардың жауапкершілігі мәселелері талқыланды. Ата-аналарға оқу-тәрбие үдерісіндегі өзара қолдаудың маңыздылығы түсіндіріліп, бала тәрбиесіндегі бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары ұсынылды. Бала болашағы үшін мектеп пен отбасының серіктестігі – табыстың кепілі!

24.09.2026

Просмотров: 9


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу