Бүгін біздің мектепте Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған конкурстарға белсенді қатысқан оқушыларды марапаттау рәсімі өтті. Балалар өздерінің білімдерін, шығармашылық қабілеттерін, көпұлтты Қазақстанның Ана тілі мен мәдениетіне деген құрметін көрсетті. Әр қатысушы өзін және өз мектебін абыроймен таныстырды. Барлық қатысушыларға күш-жігері, белсенділігі және жаңа жетістіктерге ұмтылысы үшін алғыс айтамыз! Сізге одан әрі табыс, шабыт және жаңа жеңістер тілейміз!